Петропавл қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 1 «2022-2024 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2022 жылғы 3 қазандағы № 1 шешімі
Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қалалық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Петропавл қаласының бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 49 721 099,0 мың теңге:
салықтық түсімдер – 23 788 112,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 316 832,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 594 835,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 18 021 318,9 мың теңге;
2) шығындар – 61 526 579,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу– 55 000,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу– 55 000,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -11 750 480,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – 11 750 480,0 мың теңге:
қарыздар түсімі – 18 839 950,4 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 10 192 653,0 мың теңге;
бюджеттік қаражаттың пайдаланатын қалдықтары – 3 103 182,6 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Петропавл қалалық мәслихат хатшысы | А. Бердагулов |
Петропавл қалалық мәслихатының
2022 жылғы 3 қазандағы
№ 1 шешіміне
қосымша
Петропавл қаласының 2022 жылға арналған бюджеті
| Санаты | Сомасы (мың теңге) | |||
|
| Сыныбы | |||
|
|
| Кіші сыныбы | ||
|
|
|
| Атауы |
|
|
|
| 1)Кiрiстер | 49 721 099,0 | |
| 1 | Салықтық түсімдер | 23 788 112,4 | ||